Жаңа Конституция кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Ата заңда әділдік пен заңдылық басты қағида ретінде қарастырылған. Осы арқылы мемлекет пен бизнес арасында сенім артады. Ұзақ мерзімді серіктестік қалыптасады. Яғни, кәсіпкер де ертеңіне сенімді болып, жұмысын қорықпай жоспарлай алады. Бүгін "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жүргізіп, кәсібін дөңгелетіп отырған жандарға Конституциядағы өзгерістер түсіндірілді.