Жыл басынан бері облыс аумағында 100-ден астам жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам көз жұмған. 163 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Мамандардың айтуынша, жол апаттарының көбі республикалық маңызы бар тас жолда орын алады. Қазіргі уақытта 3000 автокөлікке арналған трассадан тәулігіне 16 мыңға жуық көлік қатынауда. Сондықтан, жол торабын үнемі бақылау маңызды. Бұл ретте тәртіп сақшылары дрондарды пайдаланып жолдағы қауіпсіздікті бақылады. Жүргізушілерді тоқтатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.