Ауа райы жолаушыларға қараспай тұр. Алдағы күндері өңірде боран, кейбір мезгілдерде тұман болуы мүмкін. Ал қалада аз уақыт қар жауады деп күтілуде. Түнде желдің әсерінен жолды көру мүмкіндігі азаяды. Қолайсыз ауа райы салдарынан аймақта жол-көлік оқиғалары тіркеліп жатыр. Сондықтан мамандар жолаушыларды сақ болуға шақырады.