Бүгін қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 95 жыл. Ақынның өміршең өлеңдері жыр сүйер қауым үшін таусылмайтын тақырып.

Тарихи тұлғаның туған күніне орай қалада мазмұнды, әрі тағылымы терең рухани-танымдық іс-шаралар өтуде. Айталық, білім ордаларының бірінде 100-ге жуық оқушының қатысуымен әдеби байқау ұйымдастырылды.