Жанымды жырмен жұбаттым... Ақтөбеде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай әдеби-поэтикалық мюзикл сахналанды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған қойылым Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөсіпірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен және шығармашыл жастардың қатысуымен дайындалған. Поэзия мен ән өнері ұштасқан әдеби кеште мұзбалақ ақынның ұлы мұрасы дәріптеліп, өмір жолынан үзінділер көрсетілді.