Жаңа Конституция жобасы қазіргі уақытта қазақ қоғамында қызу талқыланып жатқан тақырып. Ел тағдырына қатысты маңызды саяси шешім, алдымен, 5-ші Ұлттық Құрылтайда Президент бастамасымен қола алынған болатын. Онда бір палаталы жаңа жүйе құрып, оны "Құрылтай" деп атау ұсынылған еді. Бұл араға көп уақыт салмай Жаңа Конституция жобасында нақтыланған оң шешім болды. Өңір руханиятының дамуына өз үлесін қосып жүрген БАҚ өкілдері қастерлі Ата заңдағы өзгерістердің ел келешегі үшін маңызына тоқталды.