Конституцияның өзгертілген нұсқасында кәсіпкерлікке де көңіл бөлініп, жан-жақты қолдау көрсетілмек. Яғни, енді Мемлекет тарапынан отандық кәсіп иелеріне қаржылай қолдау көлемі артпақ. Бұл туралы "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес иелерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасын талқылау барысында айтылды. Әрі жаңа жобаның кәсіпкерлерге қандай әсері болатыны түсіндірілді. "Әділдік пен заңдылық" басты қағида ретінде бекітілмек. Мақсат - осы арқылы мемлекет пен бизнес арасында сенім арттыру.