Ақтөбе - өрісі кең өлке. Облыста 2 миллион 317 мың ауыл шаруашылығы жануары бар. Бірақ, мыңғырған малдың пайдасы қаншалық болса, машақаты да соншалық.

Әсіресе төрт-түлік арасында таралатын аурулардың алдын алу күрделі жұмыс. Бұл бағытта аймақтың ветеринария басқармасы бірқатар шаруаны қолға алған.