Білім алудың ерте-кеші жоқ. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Күміс университет» жобасының кезекті оқу маусымы басталды. Студенттердің алды 80-ді алқымдап қалған. Бірақ қариялар өркениет жетістіктерінен қалғысы жоқ. Олар ағылшын тілін үйреніп, цифрлық сауатталықтарын арттыруды мақсат етіп отыр.