Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Дина Мұханбедияроваға арналған шығармашылық кеш өтті. 40 жыл ғұмырын білім саласына арнап, аянбай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздың есептік кешіне өзінің алғашқы ұстаздары мен шәкірттері қатысты.