Өткен жылы өңірде 3 адам газдан уланып, көз жұмды. Қайғылы оқиғалар қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары дейді мамандар. Жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында қалалық тұрғын үй инспекциясы, төтенше жағдайлар департаменті және "Қазақгазаймақ " акционерлік қоғамының өкілдері ақпаратттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Осы ретте құзырлы мекемелер тұтынушыларға пештің күйін, мұржалардың тартуын әрдайым бақылап отыруды ескертеді. Газ қазандықтарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстана отырып, үй ішінің газдануын бақылайтын автоматты қондырғы мен арнайы дабыл жүйесін орнатуға кеңес береді.