Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай қалалық Мәдениет сарайында музыкалық поэзия кеші өтті. Мәдени шараның мақсаты – талантты ақынның бай әдеби мұрасын насихаттау, оның өлеңдері мен жауһар поэмаларын жас ұрпақтың жүрегіне жеткізу. Поэзия мен музыканың үйлесімі арқылы көрерменнің эстетикалық талғамын арттыру болды. Еске алуға арналған кеш барысында көрермен назарына сахналық көріністер ұсынылып, жүректі тербеген әндер де шырқалды.