Кеше ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы барлық бағыттағы автомобиль жолдары уақытша жабылған болатын. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан Алға ауданында жедел штаб күшейтілген режимге көшіп, кешенді шаралар қабылданды. Тіпті, пойызы арқылы шамамен 300 адам Ақтөбе қаласына тегін жеткізілді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі Алға қаласындағы №1 орта мектеп базасында арнайы жылыту пункті ұйымдастырып, оған 130-ға жуық жолаушы мен көлік жүргізушісін уақытша орналастырды. Оларды жатын орын, ыстық тамақ және қажетті тұрмыстық заттармен толық қамтамасыз етті