Былтыр 16 шілдеде елімізде "Сталкинг" туралы заң қабылданды. Адамның еркінен тыс мазасын алу, қыр соңынан қалмау - "қылмыс" деп заңда нақты бекітілді. Сондықтан "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында сталкингтің сипатын жасөсіпірімдер арасында түсіндіріп, алдын алу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Кезекті іс -шара болашақ дәрігерлер білім алатын оқу орнында өтті.