"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы - ұрпақ тәрбиесіндегі мемлекет ұстанымы. Адал, әділ жастарды қалыптастыруға білікті ұстаздардың тәжірибесі мен білімі қажет болары сөзсіз. Бүгін Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде 50 жылға жуық тәжірибесі бар педагог Әсем Сұлтанқызының "Ұрпаққа қалар өнеге" атты кітабының таныстырылымы және талқылау конференциясы өтті. Кітапта жастарға қандай тәлім мен өнеге бар?