Есірткісіз болашақ... Осындай атаумен Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетте облыстық Полиция департаментіне қарасты Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының қызметкерлері спорт саланың үздіктерімен бірлесіп, студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде нашақорлықтың зияны мен алдын алу шаралары айтылды. Есірткіні тұтынған және тасымалдаған жастар үшін қандай қатаң жаза қолданылатыны ескертілді. Сонымен қатар, шараға қатысқан жазасың өтеушілер де өздерінің қателіктері туралы сыр шертіп, жастарды мұндай жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.