Зауыт жұмысшылары жаңа Конституция жобасын талқылады. Ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымымен өткен кездесуде маңызды құжаттың негізгі басым бағыттары түсіндірілді. Құжаттың қоғам дамуына әсері мен оның басым тұстары кеңінен айтылды. 


Қатысушылар Конституциялық өзгерістердің ел болашағы үшін маңызын атап өтті. Жауапты мамандар ұжым өкілдерін 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсене қатысуға шақырды. 


Бұл - ел тағдырына бейжай қарамай, өз азаматтық таңдауларын жасауға берілген мүмкіндік.