1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енді. Соған сәйкес арнаулы салық режимдері қайта қаралып, бұрынғы жеті режимнің орнына енді үш-ақ түрі қалды. Бұл — жүйені жеңілдетіп, оңтайландыруға бағытталған қадам. Саладағы негізгі өзгерістерді бүгін өңірлік коммуникацйиялар алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары түсіндіріп берді