Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Басқосу барысында тараптар өзара ынтымақтастық, ақпарат алмасу және алдағы жобалар төңірегінде пікір алмасты. білім беру, бизнес және әлеуметтік саладағы бастамаларды дамытуға баса назар аудара отырып, өңір басшылығымен бірлескен жобаларды іске асырудың жоспарлары мен перспективаларын талқылады. Жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.