Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым саласына ерекше мән берілген. Бұл дегеніміз - мемлекетіміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға жол ашып, инновациялық дамуына жаңа серпін береді. Жастардың ғылым жолына түсуіне қызығушылықтарын кеңейтіп, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін дамытуды көздейді. Нақтырақ айтқанда, жаңа Ата Заң ел азаматтарының сапалы білім алып, құқықтық еркіндігін дамытуға арналған. Жаңа жобаны талқылап, түсіндіру жұмыстары бүгін Ақбөбек халықаралық мектебінде, ұстаздардың қатысуымен өтті. Шараға мәжілісмендер де қатысты.