Қызылжар орта мектебінде интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жиын өтті. Шараға қатысқан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері оқушылары мен мұғалімдерге ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Онда жеке деректерді қорғау әдістері, күдікті қоңыраулар мен хабарламалар түскен кезде не істеу керектігі айтылды. Мақсат - аймақ азаматтарын алақтардың арбауына түсуден қорғау.