ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен аймақта «Senat Open» ашық біріншілігі аясында мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания қызметкерлері арасында іріктеу шахмат турнирі өтті. Бұл жолғы жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар мұндай зияткерлік жарыстардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әрі тұлғалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Турнир барысында үміткерлер шахмат ойынына тән стратегиялық ойлау, жоғары жауапкершілік, тапқырлық және спорттық мінез танытып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Іріктеу кезеңіне 10 аудан мен қаладан келген мемлекеттік қызметшілер қатысты. Ерлер арасында Бексұлтан Серікжан, ал әйелдер арасында Дана Байтурова үздік деп танылды. Жалпы ойын нәтижесі бойынша 20 адам мамыр айында өтетін 1/4 финалға жолдама алды.