Сыйдың төресі- кітап. Халықаралық кітап сыйлау мерекесіне орай оқырмандар Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөсіпірімдер кітапханасына 500-ге тарта кітап сыйлады. Өңірдегі ақын-жазушылар, журналистер мен кітапхана серіктестері өздерінің жеке кітапханаларында сақтаған құнды көркем әдебиеттері мен жаңадан сатып алынған шығармаларды оқырмандардың игілігіне тапсырды. Кітап сыйлау үрдісін қолдаған белгілі қаламгер, ақын Мейірхан Ақдәулетұлы түрлі жанрдағы 125 кітап пен мерзімді басылымді кітапханаға тарту етті. Ал Бақыт Жанша мен Гүлжайнар Қалдина қазақ әдебиеті классиктерінің танымал туындаларын сыйға берді. Осылайша, кітапхана қоры 73 мыңнан асып отыр. Бұл- білімнің бұлағы кітапқа деген құрмет, ізгілік нышаны,- дейді кітапханашылар.