Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Мемлекет басшысының «Құлақ асатын мемлекет» қағидасы аясында ұйымдастырылған қабылдау шарасы облыс әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Онда тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Айталық, қала тұрғындарының бірі Ойыл ауданы аумағындағы шабындық жер мәселесін көтерді. Ал «Ерекше жандар» қоғамдық бірлестігінің өкілі ұйымға мамандар қажеттілігі жөнінде мәселе қозғады. Бейнеконференц байланыс аясында кәсіпкерлік бағыттағы мәселелер де қаралды. Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген барлық проблемалар бақылауға алынып, жауапты тұлғаларға нақты мерзімдер белгіленді. Облыс әкімі әрбір азаматтың өтініші мұқият қаралатынын және заң аясында тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.