Қытай, Ресей, Вьетнам, Грузия, Әзербайжан. Ақтөбе әуежайы осы бағыттарға жаңа халықаралық рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайды батыс өңірдің заманауи авиациялық және логистикалық хабына айналдыру перспективалары талқыланды.