Күннің күрт жылынуына байланысты демалыс күндері өңірде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пайда болды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында қозғалыс уақытша шектелді. Осы ретте төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген режимге көшіп, жолдарда кезекшілік ұйымдастырды.