Тағы бір еңбек ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады. Жиында құжаттың негізгі бағыттары сараланып, еңбек ұжымы референдумға белсенді қатысуға шақырылды. Сондай-ақ, мемлекеттілікті нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін орнықтыру және азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған нормалар сөз болды. Спикердің айтуынша, құжат ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарын айқындайды.