"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" коалициясының мүшелері өңір педагогтарымен кездесті.


 "Өрлеу" орталығында кәсіби біліктілігін арттырып жатқан ұстаздарға жаңа конституция жобасының мән-маңызы түсіндірілді. Еліміздің басты құжатында білім, ғылым, инновация- ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде қарастырылған. 


Адами капитал басты орынға қойылды, мемлекеттің байлығы жер қойнауындағы ресурстар емес, білімді жас ұрпақ екені айқындалды. Бұл – Президент қолға алған ауқымды өзгерістердің заңды түйіні дейді қатысушылар.