Жаңа Конституция жобасында еңбек қауіпсіздігі, адамның құқығы мен мүддесін қорғау заңмен бекітілген. Еңбек адамдарының жұмыс уақыты, тынығу, еңбек демалысы мен мереке күндеріне төленетін ақы да нақты айқындалған.
Өңірлік коалиция мүшелері «Кегок» акционерлік қоғамының облыстық филиалының қызметкерлерімен кездесуде аталған баптарға ерекше тоқталды. Шараға барлығы алпысқа жуық еңбек адамы қатысты.
Баяндамашылар еліміздің жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.