Жаңа жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бірнеше өзгеріс күшіне енді. Бұдан былай ерте диагностикалау мен медициналық көмек отандастарымыз үшін қолжетімді болмақ. Яғни, скринингтік тексерулер, оның ішінде қатерлі обыр ауруларын ерте анықтау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауыстырылды. Сақтандырылмаған азаматтардың жарнасы жергілікті бюджет есебінен төленеді.