Ақтөбе медициналық орталығының дәрігерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді. Кездесу барысында өңірлік коалиция мүшелері негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталып, құжаттың қоғам өміріндегі маңызы туралы кеңінен баяндады. Конституциялық өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді көздейді. Әсіресе әлеуметтік салаға ерекше назар аударылған. Ұжым бір ауыздан жаңа жобаны қолдап, наурыдың 15-іне болатын референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.