Биыл «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстары жалғасады. Аталған жолдың қалған 234 шақырым бөлігінің құрылысы басталмақ. Қазіргі уақытта конкурс рәсімдері жүргізілуде. Өңірдің автомобиль саласын дамыту мәселесі облыс әкімінің төрағалымен өткен аппарат жиынында қаралды.