Өңірлік коалиция мүшелері Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымымен және оқырмандармен кездесті. Жиын барысында жаңа Конституция жобасы түсіндіріліп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берілді. Неке, цифрлық қауіпсіздік туралы енгізілген ұғымдар мен "Мемлекет адам үшін" ұстанымы жан-жақты айтылды. Өз кезегінде кітапхана ұжымы тағдыршешті маңызы бар саяси науқаннан қалыс қалмайтынын жеткізді.