Өңірлік коалиция мүшелері қаладағы фармацевтикалық компания қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының мәні мен мазмұнын түсіндірді. Ата заңның жаңа нұсқасында азаматтардың денсаулығын сақтау, сапалы медициналық көмек алу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылған. Құжатта медициналық қызмет сапасын арттыру, ауруханаларды жаңғырту және тегін дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі қаралған.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ