Жастарды мемлекеттік қызметке баулу мектеп қбырғасынан басталады. Бүгін нөмірі 80-ші білім ордасында қаладағы 92 мектептің президенттері мен парламент мүшелері қатысқан ауқымды иын өтті. Іс-шара ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті мен білім басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған жастар ант қабылдап, ал мектептің 47 оқушысы Жас мемлекеттік қызметші мектебіне қабылданды. Бұған дейін студенттер ғана іріктелсе, енді мектеп оқушылары да мемлекеттік қызметке ерте бастан үйренетін болды.