Бүгінде жаңа жобалар ойлап тауып, жаңашылдыққа ұмтылатын жастар көп. Мектеп оқушылары да цифрлық жүйенің көмегімен түрлі стартап бастамалар ұсынып жүр. Талантты жастардың жетістіктері көпшіліктің қызығушылына айналып, сұраныс та тудырған. Дарынды ақтөбеліктер өз жобаларын таныстыру мақсатында, "Demo day" атты таныстырылым шарасында бас қосты. Білім, ғылым, қоғамға қызмет бағытында ұсынылған түрлі бастамалар заман талабына сай түрлі қажеттіліктерге арналған.