Бүгін қалада "Сыбаға" ұлттық дәстүрлер фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Ісмер, зергер, ұсталар Өнер орталығында бас қосып, туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Көрмеден ұлттық киім де, бұйым да, керек десеңіз қайқы қылыш пен қарағай садақ та табылды.