Халықаралық инвестициялық форум аясында облыс әкімі Асхат Шахаров шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және Ресейдің өңірлік ведомстволарының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Аймақ басшысы Қазақстанның серіктестермен конструктивті саяси диалогті қолдайтынын және сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және инновациялық салалардағы өзара қатынастарды кеңейтуге тұрақты қызығушылық танытатынын алға тартты. Келіссөздерге Австрия, Әзербайжан, Армения, Үндістан, Хорватия және Малайзия елшілері қатысты.