«Таза Қазақстан» акциясы өңірде тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Тазалық шараларына жас та, жасамыс та белсене атсалысып, қаланың көркеюіне өзіндік үлесін қосып жүр. Бұл жолы экоакция аясында Есет батыр спорт мектебінің алаңына көшет отырғызылды. Шараға жас спортшылар мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары үн қосты.