Өңірде 1 қыркүйектен бастап емханаға тіркелу басталды. Науқан 1 қарашаға дейін жалғасады. Бұл кезеңде аймақ тұрғындары өздері қалаған емдеу орнына ауыса алады. Айта кетейік, науқанға облыстағы 39 медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары науқанға қатысып жатыр. Емханалардың ақпараттық қолдау орталықтары кез келген сұраққа жауап беруге әзір.