Қаладағы Кірпішті ауданында "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздары "JASYL CROSS 2025" экологиялық плоггингін өткізді.
Сайыс шарты қарапайым: 50 минут ішінде 7 адамнан құралған әр команда айналадағы қоқысты мейлінше тез жинап, қапты толтырды. Плоггингке 300 адам қатысты. Айнала тазарды, ең шапшаң командалар қаржылай марапатқа ие болды.