11 шілде күні шаһардағы Өнер орталығында «Қазақстанның үздік тауары» және «Бір ауыл – бір өнім» көрме-конкурсы өтеді. Биылғы байқауға тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс, химия салаларындағы 30-ға жуық кәсіпорын қатыспақ.
Араларында үздік деп танылғандары үш номинация бойынша марапатталады. Сондай-ақ, тоғыз тауар өндіруші байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, жыл соңында облыс намысын қорғайды.