Қазақстан ұлттық арнасы жаңа музыкалық талант-шоу "Ұнайды маған" мегажобасына іріктеуін бастады. Жоба елдегі таланттарды танытып, олардың кәсіби деңгейде үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік береді.
Музыкалық жобаға жасы 18-ден асқан кез келген азамат қатыса алады. Кастинг 14 шілдеге дейін жалғасады. Іріктеу онлайн және оффлайн форматта өтеді. Қай түріне қатысатынын үміткердің өзі таңдай алады.
Онлайн кастинг облыстық арна ғимаратында өтуде.