6 шілде - Астана күні. Ширек ғасырдан астам уақытта бас қаламыз әлем мойындаған ірі мегаполиске айналып үлгерді. Астананың әсем келбеті қылқалам шеберлеріне де шабыт сыйлады. Мереке қарсаңында өнер музейінде "Астана-бас қала" атты көркемсурет экспозициясы жасақталды. Майлы бояумен салынған кескіндемелер, графикалық жұмыстар, акварель және аралас техникамен орындалған картиналарда елорданың ерекше атмосферасы сезіліп тұр.