Өңірде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын. Аудандарда шөптің шығымы жақсы, шаруалардан шағым түспеген. Биыл 512 мың гектар аумақты зиянкестерге қарсы улау жоспарланған болатын. Оның басым бөлігі жерүсті әдісімен, 150 мың гектар алқап авиациялық әдіспен өңделді. Аталған жұмысқа 95 бірлік бүрку техникасы жұмылдырылған. Қазір аймақта фитосанитариялық ахуал тұрақты дейді жауапты инспекция басшысы.