Әйелдер кәсіпкерлігі – бәсекелес нарықтық ортаны құруға мүмкіндік туғызады. Бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді. Аймаққа жұмыс сапарымен келген Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Наумова іскер әйелдермен жолықты. Кездесу барысында арнайы құрылған қауымдастық жұмысымен, сондай-ақ IT HUB-тың тың жобаларымен танысты.