Өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты ерекше балаларға арналған білім беру нысанының жұмысымен танысты. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп отырған инклюзия академиясын көрді. Орталықта логопед, дефектолог мамандар қызмет атқарады. Ерекше балалар жалпы білім беру үдерісінен қалыс қалмас үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Білім алушылардың айрықша қасиеттерін бағалай отырып, арнайы әдістеме бойынша оқытылады.