Нашақорлыққа жол жоқ! Шаһар жастары «НаркоStop!» акциясын бастады. Шараның алғашқы күнінде еріктілер қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің сыртына жазылған есірткіге қатысты жарнамаларды өшірді.

Тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, нашақорлыққа қатысты күмән тудыратын іс-әрекеттер байқалған жағдайда тиісті заң органдарына хабарлауды ескертті.