Білікті режиссер және тележүргізуші Жұмагүл Шабақ 77 жасқа толды. Еңбек жолын 1970 жылы жергілікті радиода машинист болып бастады.
30 жыл абыройлы еңбек етіп, облыстық телеарнаға режиссер болып орналасты. Ол жаңалықтар бөлімінің редакторы болып қызмет ете жүріп, дикторлықты да қатар атқарды. Көрермен көзайымына айналған тележүргізуші, жұмыс істеген жылдары "Еңбек ардагері" атағына ие болды.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі талай ойын-сауық бағдарламаларының авторы болды. Мерейтойына орай Жұмагүл Шабақ " Өмір өткелдері" кітабының тұсаукесерін өткізді.