Шаһарды абаттандыруға 24 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы қарастырылды. Бұл қаражат облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге, қала іргесіндегі елдімекендерге асфальт төсеуге, инженерлік желілерді жаңартуға және өзге де маңызды жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ. Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қазына қаржысы нақтыланды. Сонымен қатар, депутаттар мағынасы ескірген көше атауларын өзгерту туралы сұрақты талқылады.